Атырау, 22 желтоқсан 22:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Каспий теңізінде заңсыз балық аулауға қарсы рейд өтті

Сурет Бейнежазба
644 рет қаралды

31 қаңтарда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Теңіз және Дамба балық инспекциялары, сондай-ақ Балық шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері Каспий теңізінің оң жақ жағалауында заңсыз балық аулауға қарсы рейд жүргізді.

Рейд барысында инспекция мамандары мекеменің 4 квадроцикл, 3 пикап автокөлігімен мұз үстіндегі барконьерлердің ізіне түсіп, заңбұзушылықтарды анықтады.

- Сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін Мартыши-Жанбай аймағынан, мұз астына заңсыз орнатылған 43 дана иесіз ау тәркіленді. Олардың ішінен ұзындығы 50 метр болатын бекіре балығын аулауға арналған 2 ау және қарабалық аулауға арналған 41 ау жинап алынды. Тәркіленген ау құралдарынан 50 кг қарабалық алынып, «Тлекші» ЖШС мекемесіне тапсырылды. Сонымен қатар, бір бекіре балығының шабағы тірі күйінде суға жіберілді, - деп хабарлады инспекцияның баспасөз қызметі.

Балық шаруашылығы инспекциясы балық қорын қорғауға қатысты шараларды тұрақты түрде жалғастыратынын мәлімдеді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 ақпан, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.