
Мақат ауданында игерілмеген жерлерді анықтап шарасын алу, кент келбетін бұзып тұрған нысандарды қалыпқа келтіру барысы талқыланған болатын.
Ауданда 2024 жылы игерілмеген кәсіпкерлік мақсаттағы жалпы ауданы 72,614 гектар болатын 32 жер учаскесі мемлекетке кері қайтарылды.
- Игерілмей отырған кәсіпкерлік мақсаттағы 12 жер учаскесі бойынша Атырау облысы Жер ресурстарын басқару департаментіне хат жолданған еді. Қазір аталған жер иелеріне бір жыл мерзімге нұсқама табысталды, - дейді аудандық жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Данияр ТӨКЕШОВ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -6