Атырау, 1 наурыз 10:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 499.22
€ 519.14
₽ 5.64

Жапонияда азық-түлік қымбаттап кетті

659 просмотра
Zakon.kz

Жапонияда азық-түлік бағасы қымбаттап кетті. Ал жалақы ондаған жылдар бойы өзгермеген, деп хабарлайды «Qazaqstan».

Осы қиындықты еңсеру үшін жұрт көкөністі үйде өсіре бастады. Ерлі-зайыпты Казуки және Рина Наката көкөністің 47 түрін өсіріп отыр. Пластик ыдыстарға салат жапырағы, пияз, тіптен дайкон шалғамын өсірген. 

«Бұлай жасау үнемді, әрі күн сайын экологиялық таза көкөніс, шөп жеу пайдалы», - дейді олар. 

Наката отбасы тамақты мейрамханадан емес, үйде әзірлеуді әдетке айналдырыпты. Өйткені мұнда бір ғана орамжапырақ бағасы 7 долларға жуықтайды. 

31 қаңтар, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16