Атырау, 1 наурыз 10:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 499.22
€ 519.14
₽ 5.64

Ойыл өзені аумағындағы ауылдық округтер су тасқынынан қорғалады

867 просмотра 1 комментарий

Талай жыл Ойыл өзенінің суы тартылып, экологиялық апат алдында тұрған болатын. Соңғы үш жылда өр суы Ойыл арнасына сыймай тасып, өзен жағасына қоныстанған елге қауіп төндіргені баршамызға мәлім.

Айтып келмес апаттың алдын алу мақсатында аудан бойынша арнайы штаб құрылып, тасқынға қарсы тосқауыл болар қауіпсіздік шаралар атқарылды. Биылғы жылы селге қарсы дайындық шаралары ерте басталып, Ойыл өзенінің бойындағы ауылдық округ аумағындағы қауіпті учаскелердегі бөгеттерді нығайту және биіктету қолға алынды.

Қазіргі таңда аудан бойынша ұзындығы 41,2 км болатын 9 ауылдық округ теңгеріміндегі бөгеттер іргесін нығайту бойынша, жұмыстар басталып кеткен болатын. Миялы, Жангелдин, Көздіғара, Тайсойған ауылдық округтерінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өр суына қарсы тұрар бөгеттерді нығайтуға 30 арнайы техникалар жұмылдырылып, күні бүгінде 26,5 км бөгет іргесі бекітіліп, биіктетілді. Ал, Сағыз, Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға ауылдық округтерінде бөгеттерді күрделі нығайтумен биіктету жұмыстары толық аяқталса, Жасқайрат округінің аумағындағы бөгеттерді биіктету шаралары енді басталмақ.

Сондай-ақ бұл жұмыстар, Сағыз ауылдық округіне өткен жылы қауіп төндірген Ноғайты өзенінің осал тұсы саналатын ұзындығы 2 км жағалауын бекіту, Сағыз өзенінің арнасын құмнан тазарту бағытында да шешім қабылданып, аталған өзен арналарын кеңейту бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынды. Қазір Сағыз округінде аталған бөгет іргесін бекіту толық аяқталды.

Апта бойына аудан әкімі Қанат ӘЗМҰХАНОВ ауылдық округтерге тексеру жүргізіп, тоғыз округ әкімдеріне ақпан айының соңына дейін су тасқынына дайындық жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

31 қаңтар, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16