Атырау, 8 сәуір 08:08
 ашықВ Атырау +24
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Италия Deep Seek-ті шұғыл бұғаттады

655 просмотра
Сурет: Reuters

Италияда жасанды интеллектке негізделген жаңа қытайлық DeepSeek чат-боты бұғатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті реттеуші Garante италиялықтардың деректерін қорғау мақсатында DeepSeek чат-ботына қолжетімділікті шектеді.

"Garante италиялық пайдаланушылардың деректерін өңдеуді Hangzhou DeepSeek Artificial Intelligence және Beijing DeepSeek Artificial Intelligence компанияларына, яғни Қытайдың DeepSeek чат-ботының әзірлеушілеріне шұғыл түрде шектеді", - деп хабарлады.

Шектеу италиялық пайдаланушылардың деректерін қорғау мақсатында енгізілді, бұл шектеулер аталған компаниялардың жауабынан кейін қабылданған.

"Биліктің қорытындыларына қарамастан, компаниялар өздерінің Италияда қызмет жүргізбейтінін және оларға Еуропалық заңнаманың қолданылмайтынын мәлімдеді", - делінген ақпаратта.

Шектеулерді енгізумен қатар, реттеуші тергеу бастады.

Естеріңізге сала кетейік, OpenAI компаниясы өзінің деректерін Қытайдың DeepSeek чат-боты өз өнімін әзірлеуде қолданғанына дәлелдер барын мәлімдеген болатын. Зияткерлік меншік құқықтарын бұзу мүмкіндігі туралы айыптаулар қарастырылып жатыр.

31 қаңтар, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16