Атырау, 19 ақпан 09:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

​Атырауда ұлын өзін-өзі өлтіруге оқталуға дейін жеткізген ер адам сотталды​

992 рет қаралды

Атырау қаласының №2 сотында кәмелетке толмағанды өзін-өзі өлтіруге оқталуына дейін жеткізгені үшін айыпталғанға қатысты қылмыстық ісі қаралды (ҚК-тің 105-бабының 3-бөлігі).

2023 жылдың қараша айында сотталушы өзінің кәмелетке толмаған баласына қатыгездікпен қарап, оны өзін-өзі өлтіруге оқталуына дейін жеткізген.

Көрсетілген мән-жайлар мен сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленуші мен оның заңды өкілінің, кәмелетке толмаған куә мен іс бойынша куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, кешенді сот-психологиялық-психиатриялық, қосымша кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен өз дәлелін тапты.

Сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспей, ақтауды сұрады.

Сотталушының жазасы мен қылмыстық жауаптылығын  жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сотталушы тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, оған ҚК-нің 58-бабының 6-бөлігінің негізінде түпкілікті 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

31 қаңтар 2025, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.