Атырау, 19 ақпан 09:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

Атырау соты уәдесінде тұрмаған тұрғынды 2,9 млн теңге төлеуге міндеттеді

898 рет қаралды

Атырау тұрғыны Қытайдан тауар алдырып беремін деп тапсырыс қабылдап, алдын ала төлем алған. Алайда ол тауарды жеткізбей, ақшаны да қайтармаған.

Осыған байланысты тапсырыс беруші Атырау қалалық сотына жүгініп, ақшасын өндіріп беруді сұраған. Сотта азаматтық іс қаралып, талап қоюшының дәлелдері расталды.

– Талап қоюшы А. жауапкер Р.-ға Қытайдан тауар әкелуге тапсырыс беріп, төлемді Kaspi.kz қосымшасы арқылы аударған. Жауапкер тауарды екі апта ішінде жеткізуге уәде бергенімен, оны орындамаған. Кейін қаражатты 60 күн ішінде қайтарамын деп қолхат жазып берген, – деп хабарлады қалалық сот.

Сот процесі барысында тараптар дауды медиация арқылы реттеуге келіскен.

-Келісімге сәйкес, жауапкер Р. талап қоюшыға 2 млн 948 мың теңгені өтеуге міндеттелді. Бұл сома берешек пен сот шығындарын қамтиды. Өз кезегінде талап қоюшы шағымынан бас тартты, - делінген соттың хабарламасында. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

31 қаңтар 2025, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.