Атырау, 28 ақпан 02:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.49
€ 525.71
₽ 5.77

Махамбетте көптен күткен хоккей алаңы ашылды

Сурет
747 просмотра

Атырау облысында теңдесі жоқ ашық аспан астындағы хоккей алаңы Махамбет ауданының орталығында ашылып, жергілікті тұрғындардың қуанышын еселеді. Бұл ерекше спорттық нысан "Туған жерге тағзым" жобасы аясында салынған және оны ауданға жергілікті кәсіпкер тарту еткен.

Кәсіпкер Ерлан Андашевтің айтуынша, бұл игі бастама ауыл жастарының қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда хоккей ойнауына мүмкіндік жасау мақсатында жүзеге асқан.

- Қазіргі таңда ауа райының жылынуына байланысты бұрынғыдай Жайық өзенінің үстінде хоккей ойнау қауіпті. Сондықтан, ауыл халқы мен жастар, балалар осы мұз айдынында қауіпсіз сырғанап, спортпен шұғылданса деген ниетпен осы алаңды сыйға тарттым, – дейді ол.

Хоккей кортының ашылу салтанаты аясында ауылдың әуесқой ардагерлері арасында жолдастық кездесу өтті. Алдағы ақпан айында бұл мұз айдынында хоккейден облыстық турнир ұйымдастыру жоспарланып отыр. Турнирге Аққыстау, Құрманғазы және Атырау қаласынан командалар қатысады деп күтілуде.

Сыйымдылығы 50 адамға арналған бұл хоккей корты барлық заманауи талаптарға сай жасақталған. Оның құрал-жабдықтары Ресейден әкелінген, ал алаң арнайы соққы мен суыққа төзімді пластикалық материалдан жасалған. Кең әрі ыңғайлы алаңда екі команда еркін ойнай алады.

Жаңа хоккей алаңы Махамбет ауданындағы қысқы спорт саласының дамуына тың серпін бермек.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

31 қаңтар, 13:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16