Атырау, 22 ақпан 0653
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 502.47
€ 525.83
₽ 5.68

​Сирияда уақытша президент жарияланды

278 просмотра

Сирияда уақытша президент жарияланды, деп хабарлайды 24.kz

Бұл міндетті бұрынғы мемлекет басшысы Башар Асад режимі құлағаннан кейін билікті қолына алған Ахмед әл-Шара атқармақ. Шешімді әскери қолбасшылық қабылдаған. Әл-Шараға өтпелі кезеңнің заң шығарушы кеңесін құру құқығы және Сирия конституциясының күші тоқтатылды. 

Елде жаңа Ата заң қабылдануға тиіс. Мемлекеттік институттар, оның ішінде әскери және қауіпсіздік күштері қайта құрылады.

Ахмед Әл-Шара, Сирияның уақытша президенті: - Үкімет мүшелерін заңды жолмен тағайындаймыз. Екіншіден, әділеттілікті орнату арқылы азаматтық қоғамдағы бейбітшілікті сақтау және кек алу көріністеріне жол бермеуге басымдық береміз. Экономикалық инфрақұрылымды қайта құруымыз керек.

30 қаңтар, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


FLYADS