Атырау, 20 ақпан 0245
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.61
€ 524.96
₽ 5.58

Үндістанда діни мереке кезінде 15 адам қаза болды

306 просмотра
Фото: MahaKumbh 

Дәстүрді орындау үшін азаматтар кезегін күтіп тұрған сәтте қоршау сынып кеткен. Үндістанда діни мереке кезінде 15 адам қаза болды, деп хабарлады Информбюро.

Шетелдік ақпарат құралдарының мәліметінше, марқұмдар көпшіліктің ортасында қысылып, тапталып қалған.
Одан бөлек тағы бірнеше азамат жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 12 жылда бір рет атап өтетін "Кумбха Мела" фестивалі Ганг және Ямуна өзендерінің түйісетін аумағында ұйымдастырылған.

Бұл жолы мерекеге елдің әр түкпірінен миллиондаған адам келіпті. Рәсім бойынша дінге сенушілер өзен суына шомылуға тиіс.

Дәстүрді орындау үшін азаматтар кезегін күтіп тұрған сәтте қоршау сынып кеткен. Содан қарбалас басталып, біраз адам аяқ астында қалған.

30 қаңтар, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


FLYADS