Атырау, 22 ақпан 07:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 502.47
€ 525.83
₽ 5.68

АҚШ-тағы ұшақ апаты: өзеннен 18 адамның денесі табылды

273 просмотра

Бортта қазақстандықтардың бар-жоғы әлі белгісіз.

Вашингтондағы Рональд Рейган әуежайына жақын маңда American Airlines авиакомпаниясының лайнері мен әскери тікұшақ соқтығысып, екеуі де Потомак өзеніне құлап түскен. Ұшақта 60 жолаушы, 4 экипаж мүшесі, ал тікұшақта 3 әскери қызметкер бары айтылды. Қазіргі уақытта өзеннен 18 адамның денесі табылды, тірі қалғандар туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. ВВС-ге сілтеме жасап. 

АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы (FAA) Bombardier CRJ700 ұшағы Канзас штатындағы Вичита қаласынан Вашингтонға тұрақты түрде рейс жасағанын хабарлады. Ұшақ Black Hawk (Sikorsky H-60) әскери тікұшағымен соқтығысқан. Тікұшақ бортында АҚШ армиясының үш қызметкері болды.

Пентагонның мәлімдеуінше, әскери тікұшақ Вирджиния штатындағы Форт-Белвуар базасынан ұшып шыққан. Ол әуеде оқу-жаттығу қимылдарын жасап жүрген екен.

30 қаңтар, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


FLYADS
Пропустить