Атырау, 22 ақпан 0633
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 502.47
€ 525.83
₽ 5.68

​Әкімнің қабылдауына жазылу бір ай бұрын жүзеге асады​

775 просмотра
Сурет: facebook.com/atyrauakimat

Редакцияға хабарласқан қала тұрғыны жеке мәселесі бойынша қала әкімінің қабылдауына кіре алмай жүргеніне бір ай болғанын айтып, бұл ұзақ күту кезек санының көптігінен бе, әлде іріктеу жүріп жатыр ма деген сауал қойды.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта қала әкімінің жеке қабылдауына 200-ден астам азамат тіркелген.

– Қала әкімінің қабылдауына мүгедектігі бар азаматтар кезектен тыс кіреді. Осы себепті жалпы кезек жылжу қарқыны баяу болуы мүмкін. Қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп жатыр. Егер азамат бір ай бойы күтіп жүрсе, алдағы уақытта оның кезегі келетіні сөзсіз, – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

30 қаңтар, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16