Атырау, 16 ақпан 23:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 495.28
€ 518.41
₽ 5.44

Прокуратура мен мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері арасындағы төбелес: біреуі комада жатыр

1 328 просмотра 12 пікір
Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын Сауданбеков (сол жақта) және оның орынбасары Әліби Бағытжанов

28 қаңтарда Атырау қаласындағы ең қымбат орындардың бірі Beer House Villa-да прокурор Асқар Жанысбаевтың және мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын Сауданбеков пен оның орынбасары Әліби Бағытжановтың арасында төбелес болды. 

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Ә.Бағытжанов төбелестен кейін облыстық ауруханаға жеткізілген, қазір ол комада жатыр. 

Атырау облыстық полиция департаменті ақпаратты растады:

«Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Барлық мән-жайды, соның ішінде оқиғаға прокуратура қызметкерінің қатыстылығын анықтау мақсатында Бас көлік прокуратурасы қызметтік тергеу жүргізіп жатыр».

29 қаңтар, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


controls
16