Атырау, 9 сәуір 01:17
 ашықВ Атырау +12
$ 518.57
€ 566.59
₽ 6.05

Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы өртеніп кетті

388 просмотра
Yonhap

Оңтүстік Кореяның Пусан әуежайында Гонконгқа ұшуға дайындалып жатқан Air Busan ұшағы өртеніп кетті. Бұл туралы Yonhap агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, ұшақ бортында 176 адам болған. Барлық 169 жолаушы мен 7 экипаж мүшелері үрлемелі баспалдақтармен уақытында эвакуацияланды. Өрт сөндірушілердің хабарлауынша, эвакуация кезінде үш адам жеңіл жарақат алған.

«2025 жылдың 28 қаңтарында шамамен 22:30 (Баку уақытымен 17:30) Кимхэ әуежайында Гонконгқа бағыт алған Air Busan ұшағы отқа оранды. Осыған байланысты 170-тен астам жолаушы ұшақты шұғыл түрде тастап шықты. Қайғылы оқиға болған жоқ», — деп хабарлады агенттік.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өрт ұшуға бірнеше минут қалғанда ұшақтың артқы жағында басталып, оның фюзеляжына тез таралды. Борт толығымен жанып кетті.

Ақпаратқа сәйкес, өрт сөндірушілер оқиға орнына дабыл алғаннан кейін бірден жеткен.

29 қаңтар, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.