Атырау, 31 қаңтар 0455
 ашықВ Атырау -3
$ 519.28
€ 540.05
₽ 5.31

​Энергетика министрлігі мұнай келісімшарттарын қайта қарап, операторларды ауыстыруы мүмкін

614 просмотра

ҚР Энергетика министрлігі алдағы 2-3 жылда өнімді бөлу туралы келісімдерді (ӨБК) ұзарту бойынша шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізбек. Бұл туралы сала министрі Алмасадам Сәтқалиев Kazinform тілшісінің сұрағына жауап берді.

Министрдің айтуынша, Үкімет қолданыстағы ӨБК келісімшарттарын және оларды ұзарту шарттарын қарастыратын арнайы комиссия құрған.

– Сонымен қатар, консорциум қатысушыларының өздері бірнеше рет Үкімет тиісті келісімдерді ұзартуды жоспарлап отырған-отырмағанын анықтау қажеттігін көтерген. Мұндағы әңгіме инвестициялар мен болашақ капитал салымдарын жоспарлауға қатысты. Біз объектілерді барынша тиімді деңгейде эксплуатациялауды маңызды деп санаймыз. Дегенмен, ӨБК шарттарына сәйкес, бізде әлі уақыт бар екенін айту керек. Бұл келіссөздерді жүргізуге кем дегенде 2-3 жылдай уақыт бар, - деді Сәтқалиев Үкіметтегі брифингте.

Оның айтуынша, ӨБК-ны ұзарту шарттарының бірі ретінде келісімшарт талаптарын жақсарту, Қазақстанның үлесін арттыру және кейбір операторларды ауыстыру мәселелері қарастырылуы мүмкін.

– Соңғы шешім ашық, тікелей, бәсекеге қабілетті диалог негізінде және халықаралық құқыққа сәйкес қабылданатын болады, - деп толықтырды министр.

28 қаңтар, 20:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


FLYADS