Атырау, 10 наурыз 19:02
 ашықВ Атырау -2
$ 494.84
€ 537.40
₽ 5.58

Д.Қонаев атындағы Binom мектеп-лицейінде орыс тілінде оқытатын сыныптарды қысқарту жоспарланған ба?

775 просмотра
Сурет: 2gis 

«АЖ» редакциясына ата-аналар жиналысында айтылған ақпаратқа алаңдаушылық білдірген Атырау қаласының тұрғыны хабарласты.

«Қазіргі уақытта екі 9-шы сыныпта бар болғаны 50 бала білім алады. Келесі жылы тек бір 10-сынып қалуы мүмкін. Оқушылар портал арқылы алынады, егер үлгермесе мектеппен қоштаспақшы екен»,- деді қала тұрғыны.

Оқырман хатына орай оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Руслан БЕРДІҒАЛИЕВ былайша жауап берді:

«ҚР Білім және ғылым министрлігінің №125 бұйрығына сәйкес, негізгі мектепті (9-сынып) аяқтаған оқушылар мектептен толықтай шығарылады. №564 бұйрыққа сәйкес мектепке қайтадан қабылдау жүргізіледі. Жалпы, қазіргі таңда бізде 52 оқушымен 2 сынып білім алуда. Келесі оқу жылында ата-аналар өтініштеріне сәйкес бір немесе екі 10-сынып болуы мүмкін. Келесі оқу жылында тек бір сынып қалады деген ресми ақпарат болмады».

Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының 10-шы, 11-інші (12-ші) сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және білім алушының жеке өтініші не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші, сондай-ақ негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының негізінде жүзеге асырылады.

Өтініштер күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, меншік түріне (жеке меншік/мемлекеттік) қарамастан қабылданады. Барлық білім беру мекемелері ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығын негізге алады.

Binom мектеп-лицейі оқушыларды қабылдау кезінде іріктеу жүргізілмейтінін хабарлады. Алайда Binom мектептерінің 4-сыныпты бітірген оқушыларын 5-сыныптың лицей сыныптарына қабылдау үшін оларға мектепішілік іріктеу болады. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 қаңтар, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16