Атырау, 24 желтоқсан 17:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырауда 1 келіден астам есірткі сақтаған ағалы-інілі күдіктілер ұсталды

Бейнежазба
1 046 рет қаралды
Видеодан алынған скриншот

Атырауда 1 келіден астам есірткі сақтаған ағалы-інілі күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаменті. 

Атырауда жалдамалы пәтерлердің бірінің иесі полиция көмегіне жүгініп жалға алушылардың пәтерақы төлемей және пәтер есігін ашпай жатқанын хабарлаған.

Мән-жайды анықтау үшін пәтерге келген учаскелік полиция инспекторлары күдікті әрекеттерді байқаған. Пәтердегі екі ер адамның бірі керуетке зат жасырып, екіншісі терезеден зат лақтырып күдік тудырған. 

Тексеру нәтижесінде керует астынан 4 зип-пакетке оралған синтетикалық есірткі табылып, тәркілеген. Жедел-тергеу тобы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері шақырылып, терезеден лақтырылған киім қалтасынан тағы бір зип-пакетке оралған синтетикалық есірткі тәркіленді.

Күдіктілер 25 және 19 жастағы ағалы-інілілер екені анықталды. Күдіктілердің есірткіні қайдан алғаны және оны кейін қайда таратпақ болғандары тексерілуде. Оларға қатысты қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары басталды.


27 қаңтар, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.