Атырау, 29 наурыз 2225
 бұлттыВ Атырау +10
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Волейбол: «Атырау» тартысты матчта «Павлодардан» айласын асырды

713 просмотра
Сурет: instagram.com/atyrau_vc

Талдықорғанда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының III турында «Павлодар» мен «Атырау» өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Kazinform. 

Павлодарлықтар өткен жылы күміс жүлдегер атанса, атыраулықтар төртінші орынға табан тіреген еді.

Биыл қос команда да ала-құла ойын өрнегін көрсетуде. Бұл жолы Ислам Жұмабеков баптайтын атыраулықтар 3:2 (29:27, 20:25, 20:25, 25:23, 15:12) есебімен басымдылық танытты.

«Павлодар» 28 ұпаймен 5-орында қалса, «Атырау» (22 ұпай) 6-сатыда тұр.

Алаң иелері «Жетісу» СҚО-ның «Есілінен» 3:1 (22:25, 25:23, 25:22, 25:19) есебімен айласын асырып, 31 ұпаймен үздік үштікке қайта кірді.

«Жайық» (Орал) 46 ұпаймен көш бастаса, «Ақтөбе» (35 ұпай) екінші орында келеді.
Дүйсенбіде командалар бір күн демалады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Тараздың» Алматының «Буревестнигін» қапы қалдырғанын жазған болатынбыз.

27 қаңтар, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16