
Өңірлерде су тасқынының алдын алу жөніндегі іс-шаралары бар республикалық және өңірлік кешенді жоспарлар іске асырылуда. Қауіп бар жерлер мен елді мекендер анықталды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде инфрақұрылымды нығайтуға және тәуекелдерді азайтуға бағытталған жобалар белсенді түрде іске асырылуда.
Су тасқыны кезеңінен апатсыз өту мақсатында өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы өткізілуде.
2024 жылы Атырау облысында 250 шақырым жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді.
Жағалаудың осал учаскелерін нығайту және Алмалы ауылдық округіне қарасты Алмалы ауылы маңындағы Жайық өзенінде,
Сарыөзек каналының бойында, Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Талқайраң ықшамауданы мен Талғайраң-2 ауылында, Бесікті және Ақжар ауылдарында су сорғы станциялары мен кәріз айналасында қосымша бөгеттер салу және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.