Атырау, 9 ақпан 20:23
 ашықВ Атырау -10
$ 511.18
€ 530.60
₽ 5.28

​Атырау облысын тұман басады: дауылды ескерту

1 247 просмотра

"Қазгидромет" Қазақстанның бірқатар аймағында 25-27 қаңтар күндеріне дауылды ескерту жариялады.

25 қаңтарда түнде Атырау облысының батысында тұман күтіледі.

25 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтау қ.: 25 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

25 қаңтарда түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде кей уақытта тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 18-23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 градус қатты аяз.

Алматы қ.: 25 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қонаев қ.: 25 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.

25 қаңтарда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде 25-28 градус қатты аяз күтіледі. 

Талдықорған қ.: 25 қантарда түнде 26-28 градус қатты аяз күтіледі.

25-27 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы 25, түнде 26 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Тараз қ.: 25-27 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

25 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

25 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 25 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі.

25 қаңтарда Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

25 қаңтарда Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.

25 қаңтарда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

24 қаңтар, 21:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.