Атырау, 8 сәуір 1106
 ашықВ Атырау +24
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

​Сиэтл соты Трамптың жарлығын орындауды уақытша тоқтатып қойды

842 просмотра

Сиэтлдегі федералдық сот АҚШ президентінің жарлығын орындауға асықпады. Бұған дейін Дональд Трамп Америкада туған шетелдік балаларға азаматтық беруге тыйым салу туралы жарлық шығарған, деп хабарлайды 24.kz

Сиетл соты Ақ үй басшысының бұл шешімі Конституцияға қайшы келетінін алға тартады. 

Еске сала кетейік, 22 аймақтың прокурорлары дәл осы жарлыққа шағымданған болатын. 

Олар: «Азаматтық алу құқығын жарлықпен жоюға болмайды, себебі ол Конституцияда бекітілген», – дейді. Ал Трамп болса анасы АҚШ-қа заңсыз немесе туристік, студенттік, жұмыс визасымен келсе, әрі әкесі АҚШ азаматы болмаса, мұндай балаларға азаматтық беруге болмайды деп есептейді. Бұған дейін АҚШ-та туған кез келген сәби осы мемлекеттің азаматы атанатын. АҚШ Президенті «көптеген келімсектер осы ережені пайдалану үшін Америкаға әдейі келеді» деген ойда.

24 қаңтар, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16