Атырау, 21 желтоқсан 22:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда 200 жаңа автобус қатынайтын болады

Бейнежазба
1 498 рет қаралды

Лизинг арқылы сатып алынатын қоғамдық көліктер 2025 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап қатынай бастайды. Бұл туралы Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Жампейсов мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Yutong» маркісінің қоғамдық көліктері жайлылығымен, сондай-ақ сапасы және қауіпсіздік талаптарына сайлығымен танымал.

- Қалаішілік қатынасты жандандыру мақсатында қоғамдық көлік паркін жаңа автобустармен толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Қарағанды облысы Саран қаласында жинақталатын «Yutong» маркалы автобусы заманауи климаттық басқару жүйесімен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін мініп-түсуі үшін жиналмалы пандусы және бейнебақылау камералары орнатылған,- деді Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Н.Жампейсов.

Айта кетейік, былтыр 50 жаңа автобус пайдалануға берілді. Бүгінде шаhарда 5 автопарк жұмыс істеп, 240 автобус қатынап тұр.


24 қаңтар, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.