Атырау, 8 маусым 09:35
 дождьВ Атырау +15.5
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Атырау мұнай өңдеу зауыты монополияға қарсы тергеуге ілікті

2 191 рет қаралды

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысындағы департаменті мұнай өңдеудің тауар нарығындағы баға мен өндіріс (сату) көлемінің динамикасына жүргізілген талдау негізінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеруді бастады. 

Талдау нәтижесінде Департамент мұнай өңдеу бойынша монополиялық жоғары бағаны белгілеу және ұстап тұру, яғни мұнайдың орташа бағасының 2021 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезеңде 31%-ға өсуіне байланысты монополиялық үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады.

Бұл тұрғыда, монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын ықтимал бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу барысында айқындалатынын атап өткен жөн.

Егер, монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері расталған жағдайда, айналымның 5% мөлшерінде айыппұл салынып және монополиялық кіріс тәркіленеді, сондай-ақ бағаны негізделген деңгейге дейін төмендету туралы нұсқама енгізілетін болады.

24 қаңтар 2025, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.