Атырау, 1 маусым 13:44
 дождьВ Атырау +17.1
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

​Астана мен Қосшыда экстремистік топ мүшелері ұсталды

378 рет қаралды

Биыл 22 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада және Ақмола облысының Қосшы қаласында прокуратура органдарының үйлестіруімен 4 Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деп күдіктелуде.

Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


24 қаңтар 2025, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.