
20 қаңтар 2025 жылы шамамен сағат 10:30-да Атырау қаласы аумағында салынып жатқан тұрғын үй кешенінде жүргізіп жатқан құрылыс жұмыстары кезінде 1983 және 1992 жылы туған азаматтар жоғарғы қатардан құлап кетті.
41 жастағы ер адам оқиға орнында мерт болды, ал 32 жастағы ер адам әртүрлі дене жарақатымен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің берген ақпараты бойынша, осы оқиға дерегі бойынша ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігімен ("Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу") қылмыстық іс көтерілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА