Атырау, 23 наурыз 10:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Астананың кейбір сауда желісінде картопты шектеп сатып жатыр

487 рет қаралды

Астанада «Small» және «Spar» сауда желілерінде 5 келіден артық картоп сатып алуға уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл туралы қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы хабарлайды.

— Елордада картоптың бағасын тұрақтандыру үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Картоп жетіспеушілігі байқалмайды. Өнім қаланың сауда желілері мен базарларда жеткілікті көлемде және қор уақтылы толықтырылып отырады, — делінген хабарламада.

Дегенмен елорданың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы кейбір сауда желісінде картоптың шекті көлемде сатылып жатқанын растады. 

— Өнімді жаппай сатып алуды болдырмау және халықты қамту мақсатында «Small» және «Spar» сауда желілерінде картопты сатуға уақытша шектеу енгізілді, яғни бір адамға 5 келіден артық сатылмайды, — дейді мекемеден.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров елде картоп бағасының күрт өсуін Үкіметтің былтырғы қателіктерімен байланыстырған болатын.

23 қаңтар 2025, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.