Атырау, 9 ақпан 20:44
 ашықВ Атырау -10
$ 511.18
€ 530.60
₽ 5.28

Ауылдық жерлерге барған дәрігерлерге 10 млн теңге төленді

1 257 просмотра

«Атырау облысына медицина қызметкерлерін тарту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» аясында 2024 жылы 159 дәрігер медициналық мекемелерге жұмысқа орналасқан. Одан бөлек ауылдық жерлердегі медициналық қызметті жақсарту үшін дәрігерлерге бір реттік үстемақы төлеу көлемі екі есеге жуық өскен.

Былтыр ауылдық жерлерде жұмыс істеуге келіскен дәрігерлерге 10 млн теңгеге дейін, ал аудан орталықтарында еңбек ететіндерге 8 млн теңге төленді. Осы қолдаудың арқасында 159 дәрігер жұмысқа орналасса, оның 43-і ауылдық медициналық мекемелерге, ал 9 дәрігер шалғайдағы елді мекендерге жіберілді, деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

Медицина мамандарын қолдау мақсатында өңірде жеңілдетілген ипотекалық несие бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бастама аясында 46 дәрігер баспаналы болды. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті арттыру жоспарлануда.

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселесі де назардан тыс қалмаған. 2024 жылы 700-ге жуық дәрігер кәсіби білімін жетілдірді. Олар Қазақстан мен шетелдің үздік медициналық мекемелерінде оқып, тәжірибе алмасты. Алдағы уақытта ауылдық жерлерде жұмыс істейтін дәрігерлер мен орта буындағы медицина мамандарының кәсібилігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Атырау облысында медициналық қызметкерлерді қолдау арқылы ауылдық жерлерде сапалы медицина қызметін қамтамасыз етуге қадамдар жасалуда. Бұл бастама шалғай елді мекен тұрғындарына дер кезінде және сапалы медициналық көмек көрсетуді көздейді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

23 қаңтар, 21:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.