
Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғыс мәселесін шешу үшін Қытайдан қолдау сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті. Ол Қытай төрағасынан Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеуге қолдау білдіруін сұрады.
«Иә, мен оған бұл мәселені шешу керек екенін айттым. Ол бұл бағытта көп нәрсе істей қойған жоқ. Бірақ оның да, біздің де үлкен ықпалымыз бар. Мен оған: Бұл мәселені реттеу қажет дедім», – деді Трамп.
Еске салайық, Трамп Ресей президенті Владимир Путин келіссөздерден бас тартқан жағдайда, Ресейге жаңа санкциялар енгізілуі мүмкін екенін айтқан еді.