Атырау, 12 желтоқсан 06:16
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

БҚО-да 44 жылқыны қолды қылған барымташылар тобы ұсталды

392 рет қаралды
Фото: Polisia.kz.

БҚО криминалдық полиция қызметкерлері ауыл тұрғынына тиесілі бір үйір жылқыны ұрлаған барымташылар тобын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, өткен жылдың желтоқсанында күдіктілер Батыс Қазақстан облысының ауданында жайылымда жүрген 44 жылқыны ұрлап, оларды көршілес ауданға, ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жеріне айдап әкеткен.

 Барлық ұрланған мал тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Келтірілген залал 17,6 миллион теңгені құрады. Ұсталғандардың екеуі бұрын мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Топ құрамында облыс орталығы мен Батыс Қазақстан облысы аудандарының тұрғындары болған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ осы топтың басқада осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Күдіктілердің үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

23 қаңтар, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.