Атырау, 8 сәуір 0820
 ашықВ Атырау +24
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

​Француз фермерлері Еуропарламент ғимаратының алдында ереуілге шықты

323 просмотра

Сәрсенбі күні Еуропарламент ғимаратының алдына бірнеше ондаған фермер жиналып, МЕРКОСУР елдерімен келісімге қатысты наразылығын білдірді, деп хабарлайды Kazinform. 

Француз фермерлері ЕО мен МЕРКОСУР елдері (Аргентина, Бразилия, Парагвай, Уругвай және Венесуэла, қауымдасқан мүшелер ретінде Боливия, Чили, Колумбия, Эквадор және Перу) арасындағы сауда келісімін жасауға қарсы шықты.

Олардың пікірінше, Латын Америкасы елдерімен жасалған келісім осы аймақтан арзанырақ өнімдермен бәсекелестікке ұшырау мүмкіндігін ескере отырып, оларды теңсіз жағдайға түсіреді. Келісім Оңтүстік Америка елдерінен ет, тауық етін және қантты әкелуді жеңілдететін ауыл шаруашылығы өнімдеріне кедендік баж салығын төмендетуді қарастыруда. ЕО мен MЕРСОКУР арасындағы сауда келіссөздері жыл соңына дейін аяқталады деп күтіліп отыр. 

Күні бойы Еуропарламенттің бірнеше депутаты наразылық танытқан фермерлердің алдына шығып, олардың уәждерін тыңдап, туындаған мәселелерді шешуге көмектесуге уәде берді.

Францияда фермерлер ереуілі 2024 жылдан бері жалғасып келеді. 

23 қаңтар, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16