Атырау, 21 желтоқсан 22:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Алғашқы "боялған ақша" мердігерге берілді, соның ішінде Мұқыр-Құлсары жолының жөндеу жұмыстары бар

1 245 рет қаралды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 2024 жыл қорытындысына арналған алқа отырысында жол саласындағы жемқорлық тәуекелдері және «ақшаны бояу» жүйесін енгізу мәселесі талқыланды. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жол құрылысы саласында кешенді талдау жүргізді. Оның нәтижесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жылдық алқасында қаралды. Жоспарлаудан бастап қаражатты игеру мен жұмыстарды қабылдауға дейінгі барлық процестерде 1,2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды", - делінген хабарламада.  

Ведомствода атап өткендей, казіргі уақытта жобалар қолмен тексеріледі, бұл сметаны асыра бағалауға жағдай жасайды – 11 миллиард теңгеге 591 факт тіркелген. 

"Бұл адал емес сарапшылардың сыйақы алу үшін ескертулерсіз қорытынды жасауына мүмкіндік береді", - деп хабарлады Антикорда. 

Жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында «ақшаны бояу» механизмі енгізілді. 

"Бұл жобаны проблемалық салалардың бірі болып табылатын бүкіл жол саласына масштабтау туралы шешім қабылданды. Жоспарлау мен бюджет қаражатының қозғалысының барлық циклі цифрландырылады", - делінген хабарламада.  

Жалпы, «ақшаны бояу» жобасы Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің белсенді қолдауымен «Цифрлық теңге» платформасында іске асырылуда. 

Пилоттық жоба аясында әр теңгені «таңбалау» қарастырылған, бұл қаражат қозғалысын соңғы жеткізушілерге дейін бақылауға мүмкіндік береді. 

Оған автомобиль және теміржол құрылысы, ауыл шаруашылығы техникасы мен мал сатып алу мәселелері бойынша жекелеген аймақтар мен нысандар қамтылды. 

Механизм қазірдің өзінде жұмыс істей бастады, алғашқы цифрлық теңгелер жеткізушілер мен мердігерлерге жіберілді. 

"Осылайша, Қарағанды облысында «Достық-Мойынты» теміржолын салу шеңберінде 164 миллиард теңге, Атырау облысында «Мұқыр-Кұлсары» автожолын жөндеуге 100 миллион цифрлық теңге бөлінді", - деп хабарлады ведомствода. 

23 қаңтар, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.