Атырау, 12 желтоқсан 06:16
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Дарынды оқушыларға «болашақ» бағдарламасымен оқу мүмкіндігі: сенаторлар тиісті заңды мақұлдады

295 рет қаралды
Фото: freepik.com

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын мақұлдады.

Заңның мақсаты мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, оның мәртебесін нығайту, баланың құқықтарын қорғау және білім беру саласындағы ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады.

Аталған құжатпен «Мәдениет туралы» ҚР Заңына қазақ тілінің сөздік қорына қолжетімділікті қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе ретінде Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын құруды, қазақ тілінің барлық стильдері мен жанрларының мәтіндерін қамтитын ақпараттық-анықтамалық жүйе ретінде Қазақ тілінің ұлттық корпусын құруды, қазақ тіліндегі мәтіндерді өңдеу, генерациялау және талдау үшін жасанды нейрондық желіге негізделген қазақ тілінің сөздік қорына қолжетімділікті қамтамасыз ететін ауқымды тіл моделін қалыптастыруды көздейтін түзетулер енгізіледі.

Сондай-ақ «Білім туралы» ҚР Заңында дарынды оқушыларды мемлекеттік қолдау және олардың ғылыми қызметін ынталандыру мақсатында халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін конкурстан тыс мемлекеттік білім беру гранттарын беру жөніндегі норма көзделеді.

Заңның қабылдануы мемлекеттің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі саясатын іске асыруға және білім беру салаларындағы заңнаманың сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.

23 қаңтар, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.