Атырау, 12 желтоқсан 06:16
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Алматы қаласында есірткі жарнамасы мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды

260 рет қаралды
Фото: freepik.com

Қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда есірткі құралдарын жарнамалауға қарсы бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды Бас прокуратура.
 
Нәтижесінде, есірткі құралдарын жарнамалайтын интернет-сайттардың мекенжайларының хабарландыруларын ақша үшін жазып жүрген ер адам ұсталды.

Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы 2-бөлігінің 1) және 4) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
 
Сондай-ақ, дәл осындай жарнамамен парақшаларды таратқан азамат пен психотроптық заттарды «қалдырумен» айналысқан тағы бір құқықбұзушы ұсталды. Соңғысының жеке басын тінту барысында жалпы салмағы 7,866 грамм болатын 168 мефедрон орамдары табылды. Күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
 
Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдарын тарату және жарнамалау үшін қатаң жауапкершілігі туралы еске салады, сондай-ақ азаматтарды мұндай заңсыз әрекеттердің кез келген фактісі туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.

23 қаңтар, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.