Атырау, 22 желтоқсан 22:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жайық жағалауындағы ғимараттарға түнгі жарық шамдар орнату жоспарлануда

1 295 рет қаралды

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин Жайық жағалауында орналасқан тұрғын үй кешендері, мекемелер, қонақ үйлер мен әлеуметтік нысандардың иелерімен арнайы кездесу өткізді. 

Бұл жиында қала басшысы абаттандыру бағытындағы жаңа жоба – жағалаудағы ғимараттарды LED жарық шамдармен безендіру туралы ұсынысын таныстырды. Әкімнің айтуынша, жоба түнгі уақытта Жайық жағалауын ерекше сән-салтанатқа бөлеп, тұрғындар мен қала қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлайды. Әсіресе жазғы маусымда катермен серуендейтіндер үшін жарықтандырылған жағалау ерекше көрініс ұсынады.

– Қалалық әкімдік өз қарамағындағы ғимараттарға жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөледі. Ал жеке меншік нысандар LED шамдарды өз есебінен орнатуы қажет. Біз сіздерге тиімді бағада сапалы қызмет көрсететін мамандарды ұсынуға дайынбыз, – деді Шәкір Кейкин.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша кездесуге қатысушылар бұл бастаманы бірауыздан қолдап, қаланың көркеюіне үлес қосуға дайын. Жоба аясында Атырау қаласы түнгі уақытта бұрынғыдан да тартымды болып, тұрғындар үшін қолайлы әрі көрікті мекенге айналмақ.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ   

23 қаңтар, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.