Атырау, 24 желтоқсан 15:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Басқару құқығынан айырылған жүргізушіге 184 мың теңге айыппұл салынды

859 рет қаралды

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігімен А.Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

2024 жылдың желтоқсан айында А.Е. көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, «Атырау-Астрахань» тас жолында автокөлік басқарған. ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігінің санкциясында 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жауаптылық қарастырылған. 

Сот қаулысымен А.Е. кінәлі деп танылып, оған 184 600 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

23 қаңтар, 02:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.