
ҚР АШМ ЖРБК Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Атырау көлік прокуратурасымен бірлесіп тексеру барысында мемлекеттік жерлерді заңсыз пайдалану фактілерін анықтады.
Тексеру қорытындысы бойынша шаруа қожалықтарының бірі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 136-бабына сәйкес 2 584 400 теңге сомасына айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шаруа қожалығының сотта шешімді даулау талаптары қанағаттандырылмады.
Сонымен қатар, Департамент шаруа қожалығына Махамбет ауданында орналасқан 100 га аумақты игеру туралы ұйғарым берді.
Алайда нұсқаманың орындалмауына байланысты жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 94 бабына сәйкес мәжбүрлі түрде алынды.
В Атырау -1