Атырау, 24 желтоқсан 15:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Құрманғазы ауданында апатты танылған 15 үйдің тұрғындары баспаналы болды

676 рет қаралды

Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылында апатты деп танылған 15 үйдің иелеріне жаңа пәтердің кілті табысталды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салттанатты іс-шараға аудан әкімі Абат Жанғалиев қатысып, қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтады.

- Бүгін жергілікті бюджет арқылы ауданымызда ресми түрде апатты деп танылған тұрғын үй иелеріне баспана кілті табысталуда. Бәрін де жаңа қоныстарымен құттықтаймын! Алдағы уақытта елді баспанамен қамту, көшіру сынды шаралар тұрғын үй құрылысының аяқталуына қарай жүзеге асатын болады. Биыл үй кезегінде тұрған 125 адамға жаңа үй кілтін табыстауды жоспарлап отырмыз,- деді аудан әкімі А.Жанғалиев.

Халық игілігі үшін берілген баспанаға инфрақұрылым жұмыстары толығымен жүргізілген. Әр бөлменің іші кең, жылы әрі қажетті техникамен жабдықталған.

2024 жылы аудан бойынша 35 үй берілді. Оның ішінде апатты деп танылған 15 тұрғынға 2 пәтерлі 3 бөлмелі тұрғын үйдің кілті табысталды. Қазіргі таңда үй кезегінде 1285 адам тұр.

22 қаңтар, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.