Атырау, 12 желтоқсан 06:20
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Түркияның шаңғы курортындағы өрттен қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

334 рет қаралды
Сурет: www.ntv.com.tr

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Түркияда болған алапат өрттен отандастарымыздың зардап шекпегенін мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

- Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақүйден шыққан өрттен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары бар ма? - деп сұрады агенттік тілшісі. 

 Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров:

- Біздің азаматтар болған жоқ, - деп жауап берді.

Айта кетейік, Түркияның тау шаңғы курортындағы өрттен қаза тапқандар саны 76-ға жетті. 

Еске салайық, Түркияның Болудағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы өртке байланысты ауыр қайғыны бастан кешуде. Өрт құрбандарының көп болуына байланысты 22 қаңтар елде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

22 қаңтар, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.