
«Ақ Жайық» газетінің редакциясы антикорлықтардан олардың бұған қалай қарайтынын және бұл заңға қайшы ма деп сұрады.
Антикор тұрғындардың логотипі бар жемпір мен күрте киюіне мүлдем қарсы емес болып шықты. Оның үстіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлеріне адами тұрғыда ұнамды екен.
«Біз департаменттің қызметі Атырау тұрғындарының көңілінен шығып, қолдау тауып жатқанына шын жүректен қуаныштымыз және мақтанамыз. Осылай қоғамдық қолдау көрсету біздің сыбайлас жемқорлықпен күресу жолындағы күш-жігеріміздің халық арасында түсіністікпен қабылданып, тұрғындардың мақұлдайтынын көрсетеді. Бұл бізді еліміздегі ашықтықты, әділеттілікті және заңдылықты нығайту жолындағы жұмысымызды жалғастыруға шабыт береді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Атырау облысы бойынша Превенция басқармасының басшысы Жәнібек ҚАРАЖАНОВ.
Айтпақшы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдары ел бойынша 371,2 миллиард теңгені өндіріп, 28,9 миллиард теңгенің мүлкіне тыйым салды. Бұл қаражат әлеуметтік нысандарды қаржыландыруға жұмсалады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау -1