Атырау, 12 желтоқсан 06:17
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Алматыда АҚШ консулдығына жер телімі берілмек

268 рет қаралды
Сурет: Алматы әкімдігі

Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін АҚШ Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы келіп түсті, деп хабарлайды Kazinform.

— Осы келісімге Нью-Йоркте былтыр 27 қыркүйекте қол қойылды. Құжаттың мақсаты — Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу және пайдалану үшін 49 жыл мерзімге ауданы 70 мың шаршы метрден асатын жер учаскесін жалға беру. Келісімде жер телімін беру тәртібі мен шарттары айқындалған. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті аталған заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, — деді Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан.

22 қаңтар, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.