
Бұрын хабарланғандай, қоғамдық тыңдаулар 21 қаңтарда өтіп, тұрғындарды толғандырып отырған тақырып - Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағындағы экологиялық жағдай туралы мәселені қамтуы тиіс еді.
Зауыттың экоомбудсмені Артур Шахназарянның айтуынша, бұл шараны кейінге шегеру ЭКОпорталдағы техникалық ақауға байланысты болып отыр. Өйткені осы ақаудың кесірінен қоғамдық тыңдаудың өтпейтіні туралы хабарлама уақытында жарияланбай қалған.