
Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, өңірде спорт, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру салалары бойынша нысандар пайдалануға беріледі. Олардың ішінде 8 жылдан бері салынып жатқан сақалды құрылыс - Махамбет ауданы Сарытоғай ауылындағы 200 орындық мәдениет үйі де бар.
Еске салсақ, мәдениет үйі құрылысы 2017 жылы басталып, оған 260 млн теңге бөлінген болатын. Алайда, объект уақытында аяқталмай, салғырттық танытқан мердігер «Бекназар» ЖШС мен шарт бұзылды. Кейін құрылыс жұмыстарын жалғастыру және аяқтау үшін 109 млн 702 мың теңгеге қайтадан ашық конкурс өткізіліп, 2019 жылы «Строй Проект 2017» ЖШС мекемесімен келесімшарт жасалған. Алайда құрылыс материалдарының күрт қымбаттауын алға тартып, бұл мердігер де келісімшартты тоқтатты.
Осыдан соң жоба қайта жасақталып, 2023 жылы қайтадан конкусқа шығарылды. Үшінші мердігер - "Гранд Мастер" ЖШС-мен шарт жасалды. Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметке сүйенсек,аяқталмаған мәдениет үйінің құрылысын жалғастыруға 980 млн 612 мың теңгебөлінген. Нысан 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Құрылыс басқармасындағылар осы жолы жұмыстың қарқынды жүріп жатқанын мәлімдеді.
Бұдан бөлек облыста мәдениет пен спорт саласы бойынша салынып жатқан нысандардың ішінде Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында 300 орындық ауылдық мәдениет үйі және Махамбет ауданы Таңдай ауылында 150 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) биыл пайдалануға берілуі тиіс.
Білім беру саласы бойынша 12 нысан халық игілігіне беріледі.
Олар: Исатай ауданы Аққыстау ауылында 250 орындық өнер мектебі;
Индер ауданының Индербор кентінде 300 орындық мектеп-гимназия және 200 орындық интернат;
Атырау қаласы Бірлік-2 ауылында 600 орындық мектеп;
Атырау қаласының Өрлеу (Тасқала-2) шағын ауданында 600 орындық мектеп;
Атырау қаласының Көктем-2 шағын ауданында 600 орындық мектеп;
Атырау қаласы Еркінқала-2 ауылында 600 орындық мектеп;
Индер ауданы Көктоғай ауылындағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектепке 120 орындық жапсаржай құрылысы;
Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы №20 орта мектептің 180 орындық жапсаржай ғимараты;
Исатай ауданы Томан елді мекенінде 80 орындық балабақша;
Индер ауданы Аққала ауылында 90 орындық балабақша;
Атырау қаласы Құрманғазы ауылында 280 орындық балабақша;
Исатай ауданы Нарын елді мекенінде 80 орындық балабақша;
Денсаулық сақтау саласы бойынша
Жылыой ауданы Қарағай ауылында медициналық пункт.
Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға жапсаржайқұрылысы.
Құрманғазы ауданы Ғ.Әліпов ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП).
Құрманғазы ауданы Жамбыл ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт.
Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт.
Қызылқоға ауданы Жаңтерек ауылында медициналық пункт.
Қызылқоға ауданы Жаманасор ауылында медициналық пункт пайдалануға беріледі.
Бұл жобалар өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау 0