Атырау, 23 желтоқсан 23:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Бүйрегін сатпақ болған Атырау тұрғыны жазасын бостандықта өтейді

662 рет қаралды

Атырау қаласының 27 жастағы тұрғыны бүйрегін сатпақ болғаны үшін сотталды. Ол жазасын бостандықта жүріп өтейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

№2 Ақтөбе қалалық сотында Атырау облысының тумасы Ерболат Орынбасаровқа қатысты істің үкімі шықты.

- Ерболат Орынбасаров Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3 бөлігі, 116 бабының 1 бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 63 бабына сай тағайындалған жаза шартты деп саналсын, - деді судья Ақмарал Алиева.

Сонымен бірге пробациялық бақылау аяқталғанша тұрғылықты жерін өзгертпеуі тиіс. Ал егер өзгерте қалса, пробация қызметіне хабарлайды. Жыл ішінде ойын-сауық орындарына, мейрамханаларға, дәмханаларға бара алмайды.

Еске салсақ, Атырау облысының 27 жастағы тұрғыны бір бүйрегін сату үшін әлеуметтік желі арқылы хабарлама қалдырады. Осы хабарламаны көрген ақтөбелік полицияға хабарлап, алдын ала келісім жасайды. Сотталушы өз бүйгегін 9 млн теңгеге бағалады. Ол 5 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталып, сот алдында жауап берді.

Сотталушының кәмелетке толмаған балалары бар. Үкім кезінде бұл жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. 

21 қаңтар, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.