Атырау, 12 желтоқсан 06:16
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Экология министрі көлікті бес минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл туралы пікірін білдірді​

495 рет қаралды

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев авто көлікті бес минуттан артық қыздыруға салынған айыппұл туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкіметте өткен баспасөз конференциясында ол экология тұрғысынан бұл ережелерді қолдайтынын айтты.

"Солтүстік аймақтарға қатысты айтқанда, көлікті ұзақ уақыт қыздыратындар үшін бес минут жеткілікті екенін білеміз, көлік қызғаннан кейін қозғалысқа түсуге болады. Бұл кез келген солтүстік аймаққа қатысты. Сондықтан, отын үнемдеу тұрғысынан көп адамдар бұл мәселені қолдайды. Экология тұрғысынан да біз мұндай тәсілді толықтай қолдаймыз", - деді Ерлан Нысанбаев.

Журналист оның бес минут туралы айтқан сөзімен көптеген астаналықтар келіспейтінін айтты.

"Мен бүгін міндетті түрде көлігімді түнде далада қалдырамын — таңертең көріп, өз тәжірибемді жасап, нәтижесін сіздерге айтамын", - деп қосты ол.

21 қаңтар, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.