
Биыл Қазақстанда 15 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін қасқыр мен шибөрі аулауға рұқсат берілген болатын.
- Түз тағылары көбіне мал қыстақтары маңында көптеп кездеседі. Қыстақтар өңірде 15-20 км бастап 100-150 км қашықтықта орналасқан. Жалпы қасқыр өз азығы үшін 40-50 км жүреді. Біздің аудан бойынша 44 аңшы бар. Әр аңшыға 3 қасқыр, 3 шибөрі аулауға рұқсат берілген, - дейді Құрманғазы ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Асқар МУФТАХ.
Жалпы облыста Жылыой, Құрманғазы, Исатай аумақтарында түз тағысын аулауға рұқсат берілген. Облыста 6 мыңнан астам аңшы бар.
- 2025 жылға 1124 қасқыр, 1180 шибөрі аулауға лимит берілген. Алайда аңшылардың көптігінен ол жоспар орындалып, лимит бітіп қалды, - дейді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Айберген МАРАТҰЛЫ.
6 күнге жетпей биылғы түз тағысын аулау лимит бітті, енді аңшылар 2026 жылды асыға күтетін болды. Жалпы облыс аумағында 3 мыңнан астам түз тағысы бар деген дерек бар.
Өткен жылдың желтоқсанында Индер ауданындағы Есбол, Елтай ауылдық округіндегі қыстақтарда қасқыр адамға шабуыл жасап, жарақаттаған болатын.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау 0