Атырау, 5 желтоқсан 09:35
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Елімізде мұнай өңдеу зауыттары кеңейтіледі

661 рет қаралды

Қазақстанда мұнай өнімдерін өңдеу саласында қандай ілгерілеу бар? Бұл сұраққа Энергетика министрлігі жауап берді.

— Еліміздің мұнай өңдеу өнеркәсібінің негізгі міндеті — экономиканың өсуін және ішкі нарықтың жоғары сапалы жанар-жағармай материалдарына қажеттілігін қамтамасыз ету. Бұл міндетті 3 негізгі отандық мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) орындайды. Атырау, Павлодар және Шымкент өңдеу зауыттары және Ақтау битум зауытында мұнай өңдеудің жалпы көлемі жылына 18 млн тоннаға дейін, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу саласын дамытудың 2024-2040 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасында мұнай өңдеу қуаттарын кеңейту жобалары көзделген.

Бұл тұрғыда:

Шымкент МӨЗ жылына 6 млн-нан 12 млн тоннаға дейін;

Павлодар МХЗ жылына 5,5 млн-нан 8 млн тоннаға дейін;

Атырау МӨЗ жылына 5,5 млн-нан 6,7 млн тоннаға дейін;

Ақтау битум зауыты жылына 1 млн-нан 1,5 млн тоннаға дейін мұнай және тиісінше битум өндіру жылына 500-ден 750 мың тоннаға дейін.

— Сондай-ақ 2030 жылға қарай қуаты жылына кемінде 10 млн тонна мұнай өндіретін жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жөнінде шешім қабылдау қажет, — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

21 қаңтар, 13:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.