Атырау, 8 сәуір 07:08
 ашықВ Атырау +18
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Қытайда 35 адамды басып өлтірген жүргізуші өлім жазасына кесілді

339 просмотра

Қытайда 80 шақты адамды көлікпен басқан жүргізушіге өлім жазасы тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Чжухайда 11 қараша күні кешкі уақытта жүргізуші жаяу жүргіншілерді таптамақ болды. Салдарынан 35 адамның өмірін қиды, тағы 43-і ауыр жарақат алды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпек болған, бірақ оны құзырлы органдар ұстаған.

Тергеу ер адам "қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірді" деген қорытындыға келді және оның әрекеті "жауыздық" деп танылды.

Чжухай соты жаяу жүргіншілер тобын қасақана басып кеткен жүргізуші Фан Вэйцюге өлім жазасын берді. 

Өлім жазасы Қытай прокуратурасы қызметкерлерінің қатысуымен өтіп, олар процедуралардың заңға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етті.

20 қаңтар, 19:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16