Атырау, 8 сәуір 0855
 ашықВ Атырау +24
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

​Корея президенті сотта жауап беруден бас тартты

360 просмотра

Оңтүстік Кореяны басқару билігінен уақытша аластатылған Юн Сок Ёль сотта жауап беруден екінші рет бас тартты, деп хабарлайды 24.kz.

Адвокаттары оның тергеушілерге айтатын сөзі жоқ деп мәлімдеген. Сеулдің Батыс округінің соты 15 қаңтарда Юн Сок Ёльді өзіне қатысты айғақтарды жояды деген қауіппен қамауға алған болатын. Бірақ бұл үкім президент жақтастарының наразылығын тудырып, сот ғимаратының жанында жаппай қақтығыс болды. 

Полиция күзетті күшейтіп, жағдайды бақылауға алған. Юн Сок Ёль 3 желтоқсанда әскери жағдай енгізу арқылы билігін асыра пайдаланды және бүлік жасауға әрекеттенді деген күдікке ілінді. 14 желтоқсанда парламент оған импичмент жариялады. Сол кезден бері оның өкілеттігі уақытша тоқтатылған.

20 қаңтар, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16