Атырау, 8 сәуір 1339
 ашықВ Атырау +16
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Құтқарушылар жеке көлікті қар құрсауынан шығаруға міндетті емес – ҚР ТЖМ

377 просмотра

ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Аслан Уәкішев қар құрсауынан адамдарды құтқару кезінде қандай қиындықтар туындайтынын айтып берді, деп жазады Kazinform.

Оның айтуынша, кей жүргізушілер орындарынан қозғалмай, құтқарушылардан көліктерін қар үйіндісінен шығарып беруін сұрайды. 

– Олар ешқайда кеткілері келмей, техниканы толық шығарып, оны қажетті жерге жеткізіп беруімізді талап етеді. Егер біз әр көлікпен жеке айналысатын болсақ, шынымен қауіпті жағдайдағы адамдарды құтқаруға уақытымыз жетпей қалады, – деп түсіндірді спикер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

ТЖМ өкілі құтқарушылардың міндеті – қатер төнген адамдарды эвакуациялау және оларға көмек көрсету екенін еске салды. Ал көліктерді қар үйіндісінен шығару олардың міндетіне кірмейді. 
Сондай-ақ, хабарламалар мен белгілерді елемеу үшін ҚР Әкімшілік құқықбүзушылықтар туралы кодексінде тиісті бап бар және айыппұл салу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Боранова Kazinform агенттігінің подкастында айтып берген еді.

20 қаңтар, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.