
Еліміздің 9 өңірінде коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдар құрылды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат жиналысында жаңадан ашылған мекемелердің жұмысы қарастырылды, деп хабаралйды министрліктің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, арнайы мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Жетісу және Абай облыстарында жұмысын бастады. Осылайша, еліміздегі коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдардың жалпы саны 15-ке жетті.
Бүгінгі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңадан ашылған мамандандырылған ұйымдардың функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін реттеу үшін нормативтi-құқықтық базаны жетілдіру жұмысын жүргізуде.
В Атырау -5